Сириядағы жер сілкінісі: құрбандар саны 3 000 асты

10 Ақпан 2023, 18:55 2253

2011 жылдан азамат соғысын бастан кешіп келе жатқан Сирия үшін жер сілкінісі түріндегі табиғи апат жығылғанға жұдырық болды. Онсызда соғыс барысында қираған инфрақұрылымы қатты зардап шеккен, қираған аудандардың тұрғындары қазірдің өзінде босқындарға айналып, елдің ішкі аудандарына қоныс аударып жатыр.

Кешегі ресми мәліметтер бойынша, жер сілкінісінен қаза тапқандар саны Сирияда 3370-ке,  ал жарақат алғандардың саны 5300-ге жетті. Жер сілкінісінен қаза тапқандар саны уақыт өте келе тез өсуде және Іздеу-құтқару жұмыстары бірқатар қалаларында жалғасуда.

Араб баспасөзі қираған үйдің астынан тірі қалғандардың сөздерінен «тас жылайды» деп көрсетуде. Қайғыға батқан ана балаларының біреуі тірі шыққанына қуаныштымын деп өксиді.

Бұл отбасы ғимараттың тербеліп тұрғанын сезгеннен кейін бірден қашып шығуға тырысқан. Бірақ ана баларынан көз жазып, отбасы мүшелері құландының арасында жан-жаққа шашырап кеткен.

Содан ол құлаған қабырғалардың астында жалғыз қалып, жарақат алғандардың жан айқайын естіп жатқан. Ол ұзақ уақыт бойы айқайлап, оны естіген құтқарушылар аман алып шығады. Оған біраздан соң ұлдарының аман қалған біреуін аман-есен тапсырады. Байғұс ана: «Балаларының біреуін аман қалдырғаны үшін жаратушыға алғыс айттым», - дейді.

Келесі біреу қираған үйдің үстінде жақындарының денесін салу үшін  нейлон пакеттерін ұстаған адам жүр. Сағат тілі тоқтамай жылжып, апат бесінші күні жалғасып жатқанда олардың үміті үзіле бастаған. Осындай трагедиялық көріністер құлаған үйлердің айналасында жүздеп орын алып жатыр.

Қазақстан осындай қиын сәтте жер сілкінісінен зардап шеккен Сирияға ҚР Ұлттық ұланы ұшағының төрт рейсімен 50 тонна гуманитарлық көмек жеткізді. Көмек негізінен мемлекеттік резервтен бөлінген азық-түлік, жылы киім, шатыр мен төсек-орындардан тұрады.

Сириялық қабылдаушы тарап ауыртпалықты бөлісіп, қиын сәтте көмек қолын созған қазақ халқына ризашылығын білдірді.

Қайрат Сәки
Бөлісу: