Сирияда қанша қазақстандық қалғаны белгілі болды

Бүгiн, 12:18 193

Сенат брифингінде Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Сирия аумағында қалған қазақстандықтар туралы айтты, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

Вице-министрдің сөзінше, Сирияда қалған қазақстандықтардың саны 30-дан асады.

Егер қателеспесем, 33 адам. Одан көп емес. Бұл азаматтармен қазіргі уақытта тұрақты байланыстамыз, - деді ол.

Оған қоса Әлібек Бақаев Таяу Шығыстан эвакуацияланған қазақстандықтарға да тоқталды.

Газа секторынан 129 адамды қайтардық, ал Ливаннан эвакуация кезінде 69 азаматты қайтардық. Оның арасында Қазақстан азаматы болса да балаларында басқа азаматтығы да бар адамдар да болуы мүмкін, - деді вице-министр.

 

 
 
 
 
 
View this post on Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

A post shared by EL.KZ (@elkz_portal)

Ажар Лаубаева
Бөлісу: