07.05.2023
20:37
1425
Сирия Араб мемлекеттерінің лигасына оралды

Сирия Араб мемлекеттерінің лигасына оралды

Араб мемлекеттерінің лигасына мүше елдердің Сыртқы істер министрлерінің кеңесі Сирияны ұйымға қайтару туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

7 мамырда Каирде өткен Араб мемлекеттерінің лигасының кезектен тыс отырысында қол жеткізілген уағдаластық туралы Ирак СІМ ресми өкілі Ахмед ас-Сахаф мәлімдеді, деп хабарлайды Al Sumaria телеарнасы.

Араб Сыртқы істер министрлерінің кеңесі Сирияға Араб лигасындағы орнын қайтару туралы шешім қабылдады, - делінген хабарламада.

Ахмед ас-Сахафтың айтуынша, «Араб интеграциясы мен диалогқа негізделген дипломатия Сирияны Араб мемлекеттерінің лигасына қайтаруға барынша күш салған».