Синоптиктер бүгінгі ауа райы қандай болатынын болжады

24 Маусым 2022, 08:01 1119

Республиканың оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады.

Елдің басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады. Синоптиктердің болжамынша, күн күркіреп, жаңбыр жауады, деп хабарлайды El.kz.

Республиканың оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады.

Күндіз Жетісудың шығысында, батысында, солтүстігінде және Түркістан облысының шөлді аудандарында, Қарағанды, Абай облыстарының оңтүстігінде, Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе, Қостанай, Ұлытау, Қызылорда, Жамбыл, Павлодар, Ақмола облыстарының басым бөлігінде қатты ыстық.

Күндіз Ақтөбе, Қостанай, Ұлытау облыстарының оңтүстігінде аптап ыстық болады. Қызылорда, Батыс Абай, Алматы облыстарының басым бөлігінде, Атырау облысының шығысында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында, Ұлытау облысының оңтүстік-батысында, Қарағанды, Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстарының оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Нұр-Сұлтанда көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз. Батыстан 7-12 м/с жылдамдықпен жел соғады, ауа температурасы түнде 17-19, күндіз 32-34 градус ыстық болады.

Алматыда жаңбыр жауады, күн күркірейді. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күн күркіреген кезде екпіні 13 м/с жетеді, ауа температурасы түнде 18-20, күндіз 28-30 градус ыстық.

Шымкентте жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан 8-13 м/с жел соғады, ауа температурасы түнде 18-20, күндіз 35-37 градус ыстық.


Бөлісу: