Синоптиктер қанша градус аяз болатынын айтты

24 Қаңтар, 15:00 2594

"Қазгидромет" синоптиктері алдағы күндері ауа райы қандай болатынын мәлім етті, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі. 

Елдің басым бөлігінде температуралық фонда елеулі өзгерістер болжанбайды, оңтүстік өңірлерде ауа температурасы түнде 8-13 градусқа дейін, таулы аудандарда -18-23 градус аяз, күндіз 2-7-ге дейін, таулы аудандарда 10-15 градус төмендейді.

Қазақстанның басым бөлігі оңтүстік циклон мен атмосфералық фронттардың билігінде болады, соның әсерінен қатты жауын-шашын күтіледі, солтүстік өңірлерде қар түрінде, оңтүстік өңірлерде ылғалды қар мен жаңбыр түрінде, боран мен жел күшейеді.

Оңтүстіктің таулы аймақтарында қалың қар, көктайғақ, тұман күтіледі. Республиканың батыс жартысында ғана Батыс антициклоны басым болуынан, ашық, аязды ауа-райы сақталады.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: