30.03.2023
09:01
844
Синоптиктер бірнеше өңірде ескерту жариялады

Синоптиктер бірнеше өңірде ескерту жариялады

Қазгидромет ауа райының бұзылуына байланысты 30 наурызда бірнеше өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Таңертең және күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Таңертең және күндіз облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнайды.

Астана қаласында солтүстік-шығыстан жел соғады, кей уақытта жылдамдығы 15-20 м/с құрайды. Ауа температурасы күрт төмендейді: түнде -3-5 дейін түсіп, күндіз 1-3 жылы болады.

Акмола облысында ауа температурасы күрт төмендейді: түнде 3-8 дейін, өңірдің солтүстігінде -11 градусқа дейін суиды. Күндіз -2 аяз, +3 жылы болады.

Павлодар облысының солтүстігі мен шығысында солтүстіктен жел соғады, екпіні 15-20 м/с құрайды. Ауа температурасы күрт төмендейді: түнде 3-8 градус аязға дейін, күндіз 1-6 жылыға дейін.

Күндіз Атырау облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз өңірдің солтүстігінде, шығысы мен оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с құрайды.

Түнде Қарағанды облысының шығысында тұман болжанады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігі мен шығысында екпіні 15-20 м/с құрайды.

Күндіз Шығыс Қазақстан облысынның солтүстігі мен шығысында жауын-шашын (көбінесе жаңбыр) болады. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 25 м/с дейін жетуі ықтимал.

Күндіз Абай облысының батысында, солтүстігі мен орталығында жаңбыр жауады. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, күндіз екпіні 25 м/с күшеюі мүмкін.

Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай ойнап, оңтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с құрайды.

Шымкент қаласында кей уақытта найзағай ойнап, оңтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с құрайды.

Күндіз Маңғыстау облысының шығысы мен орталығында шаңды дауыл тұрады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысып, түнде облыстың оңтүстік-батысында, күндіз басым бөлігінде күші 15-20 м/с құрайды.

Қостанай облысының басым бөлігінде солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с құрайды. Күндіз өңірдің оңтүстігінде күші 23 м/с жетуі ықтимал.

ТүндеАқтөбе облысының солтүстігінде, шығысында, күндіз басым бөлігінде жел соғады. Екпіні – 15-20 м/с.