09.12.2024
12:14
17218
Синоптиктер аяз қанша күн сақталатынын айтты

Синоптиктер аяз қанша күн сақталатынын айтты

"Қазгидромет" РМК мамандары алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Аптаның басында Солтүстік циклон жырасы республиканың көп бөлігінде ауа райының тұрақсыз болуына әкеледі: қар, боран, елдің батысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) және көктайғақ күтіледі. Елдің оңтүстігінде кең антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа-райы сақталады.

Ауа температурасының біртіндеп жоғарылауы болжанады: түнде елдің батысында 0-8 аязға дейін, солтүстік-батысында, солтүстігінде 7-15 аязға дейін, Қазақстанның орталығында 10-18 аязға дейін, республиканың шығысында, оңтүстік-шығысында 7-20 аязға дейін, оңтүстік облыстарда 5-13 аяз болады.