Синоптиктер аптап ыстық болатынын ескертті

19 Маусым, 09:30 339

«Қазгидромет» РМК мамандары алты облыс тұрғындарына аптап ыстық болатынын ескертті, деп хабарлайды El.kz aқпарат агенттігі.

Синоптиктер 19 маусымдағы синоптикалық жағдай мен қауіпті ауа райы құбылыстарының болжамын ұсынды.

Еліміздің солтүстігінде, орталығында және оңтүстік-батысында антициклон ықпалынан ауа райы жауын-шашынсыз болады. Қазақстанның қалған бөлігінде атмосфералық фронтал бөліктері сақталады, оңтүстік-шығыста найзағай ойнап, қатты жаңбыр жауады, оңтүстік-шығыста бұршақ жауады, жел күшейеді.

Күндіз Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қызылорда облыстарында, Қостанай облысының оңтүстігінде қатты ыстық күтіледі.

Маңғыстау облысында, Атырау және Ақтөбе облыстарының оңтүстігінде аптап сақталады.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: