Синоптиктер 11 қазандағы ауа райын болжамын ұсынды

11 Қазан, 09:07 409
Елдің көп бөлігінде циклон мен атмосфералық фронтальды бөлімдердің әсерінен жауын-шашын сақталады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оңтүстікте, шығыста, елдің орталығында жаңбыр жауады. Оңтүстікте, оңтүстік-шығыста найзағай болып, бұршақ түседі.

Солтүстікте, солтүстік-батыста жауын-шашын (жаңбыр, қар), боран, көктайғақ күтіледі.

Елдің батысында ғана жауын-шашынсыз ауа-райы сақталады. Ел бойынша желдің күшеюі күтіледі, батыста, солтүстік-батыста түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман болады.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: