Синоптиктер 10 тамыздағы ауа райын болжады

10 Тамыз 2022, 03:42 1128

Республиканың солтүстігінде түнде және таңертең тұман, оңтүстігінде түнде және таңертең шаңды дауыл болады.

Қазгидромет 10 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды El.kz.

Синоптиктердің болжамынша, атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен еліміздің орталығында, солтүстігінде және оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында қатты жаңбыр жауады. Найзағай, екпінді жел күтіледі, күндізгі уақыттарда бұршақ және оңтүстік-шығысында дауыл болуы ықтимал.

Республиканың солтүстігінде түнде және таңертең тұман, оңтүстігінде түнде және таңертең шаңды дауыл болады.

Қарағанды облысының басым бөлігінде, Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында, Павлодар облысының оңтүстігінде Жамбыл облысының таулы аудандарында, Алматы облысында қатты жаңбыр жауады.

Күндіз Атырау облысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, қатты ыстық сақталады, Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында қатты ыстық болады.

Қызылорда облысының басым бөлігінде, Түркістан облысының оңтүстігінде, шығысында, Атырау облысының солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.Қызылорда облысының басым бөлігінде Түркістан облысының оңтүстігінде, шығысында тқтенше өрте қаупі сақталады.

Бөлісу: