«Сіңір кедейді» қанай беру күпіршілік болады». Депутат тарифтің қымбаттауы жайлы айтты

15 Қараша 2023, 14:46 975

Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров халық жылына коммуналдық төлемдерге 15 млрд теңге қарыз болатынын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Депутаттың сөзінше, халықтың әл-ауқаты төмендеп, төлем қабілеті азайып бара жатқандығына қарамастан, Үкімет коммуналдық саланың тарифін өсірді.

Азаматтардың төлем қабілетінің төмендігіне байланысты, азаматтар жылына коммуналдық төлемдерге 15 млрд теңге қарыз болып қалады! Үкімет «Тарифке инвестиция айырбас» принципін жүзеге асырғанда, халықтың қалтасының жұтаңдығы ескерілуі тиіс. Тұрғын үй көмегі тоқсан сайын төленеді, әр тоқсанға орташа есеппен 20 мың теңге. Оның өзін нағыз мұқтаж адамдар ала алмайды. Өйткені бұл өтемді алу үшін өзіңнің меншік үйің немесе мемлекеттен жалға алынған үйің болуы тиіс. Ондаған құжат толтыру керек, - деді депутат.

Ерлан Саиров үй-күйі жоқ, пәтер жалдап жүрген, біреудің ауласын жағалап жүрген, ондаған мың нағыз мұқтаж азамат мемлекеттің көмегінің жұрнағын да көрмейтінін айтты. Сөзінше, олар мүлдем мемлекеттің есебінде жоқ – тарифтердің өсуінен қиналатын өтемақыға ең зәру осы кісілер.

Клебанов тәрізділердің бизнесі жүрмей қалды деп, «сіңір кедейлерді» қанай беру күпіршілік болады! Үкімет «Тарифке инвестиция айырбас» реформасы кезінде маңызды мәселеге назар аударуы қажет! - деді ол.

Осы орайда депутат Үкіметке бірқатар ұсыныс айтты:

Миражан Махан
Бөлісу: