08.05.2025
22:00
1023
СІМ Үндістан мен Пәкістан арасындағы жағдайға қатысты мәлімдеме жасады

СІМ Үндістан мен Пәкістан арасындағы жағдайға қатысты мәлімдеме жасады

Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Үндістан Республикасы мен Пәкістан Ислам Республикасы арасындағы жағдайдың шиеленісуіне байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Ресми мәлімдемеде ведомство екі ел арасындағы жағдайдың шиеленісуіне байланысты терең алаңдаушылық білдіретіні атап өтілген.

Барлық мүдделі тараптарды одан әрі шиеленіске жол бермеу үшін барынша ұстамдылық көрсетуге шақырамыз. Қазақстан халықаралық және өңірлік қақтығыстарды халықаралық құқық нормалары мен БҰҰ Жарғысының қағидаттарына сәйкес тек саяси-дипломатиялық жолмен реттеуді жақтайды,-делінген мәліметте.