СІМ ТМД байқаушылар миссиясының басшысымен кездесу өткізді

3 Наурыз 2023, 01:30 1132

Кездесуде саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалар таныстырылды

Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко Мәжіліс депутаттарының кезектен тыс сайлауына байқау жүргізу мақсатында келген ТМД байқаушылар миссиясының басшысы, ТМД Бас хатшысының бірінші орынбасары Леонид Анфимовпен кездесу өткізді, деп хабарлайды El.kz ведомствоға сілтеме жасап.

Кездесу ҚР Парламенті Мәжілісі және маслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауына ТМД-дан байқаушылар миссиясының ашылуы аясында орын алды.

Вице-министр сұхбаттасын алдағы парламенттік сайлаудың негізгі жаңартуларымен, сондай-ақ ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси және әлеуметтік-экономикалық реформаларымен егжей-тегжейлі таныстырды.

Өз кезегінде Л. Анфимов қазақстандық тарапқа сайлауды байқауға қатысуға шақырғаны үшін алғысын білдіріп, ТМД Миссиясының жұмысын ұйымдастыру туралы хабардар етті. Миссия өңірлер бойынша қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді байқаушыларды бөлумен, сондай-ақ Қазақстан заңнамасын бағалаумен айналысатын болады. Қазіргі уақытта миссияны қалыптастыру процесі жүріп жатқаны атап өтілді. Миссия құрамына 200-ге жуық байқаушылар кіреді деп күтілуде. Оның 10-ы Астанадағы Миссия штабында ұзақ мерзімді негізде жұмыс істейтін болады.

EL.KZ
Бөлісу: