СІМ-де Иранмен ынтымақтастықты дамыту перспективалары талқыланды

25 Ақпан 2023, 12:36 786

Сыртқы істер министрінің орынбасары Қанат Тумыш Иран Ислам Республикасының Елшісі Маджид Самадзадэ Сабермен кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі СІМ-не сілтеме жасап.

Келіссөздер барысында тараптар саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ықпалдастықтың практикалық аспектілерін талқыланды.  Екі мемлекеттің өзара тиімді ынтымақтастығын нығайту үшін осы жылы 25 қаңтарда өткен Қазақстан мен Иран арасындағы Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның 18-ші отырысының қорытындыларын жүзеге асыру бойынша бірлескен жұмысты атқаруға уағдаласты.

Сонымен қатар сұхбаттастар Қазақстан мен Иран арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар орнағаннан бер екіжақты және көпжақты форматтарда, ең алдымен БҰҰ, ИЫҰ, АӨСШК, ШЫҰ және ЭЫҰ шеңберіндегі өзара тығыз ықпалдастықты жалғастыруға дайындығын мәлімдеді.

EL.KZ
Бөлісу: