27.09.2022
10:36
1485
СІМ Қазақстанның ЛХР және ДХР-дағы референдумға қатысты ұстанымын айтты

СІМ Қазақстанның ЛХР және ДХР-дағы референдумға қатысты ұстанымын айтты

Сыртқы істер министрлігі өзін-өзі жариялаған ДХР мен ЛХР-дағы референдумға қатысты Қазақстанның ұстанымын жариялады, деп хабарлайды El.kz

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Қазақстан мемлекеттердің аумақтық тұтастығы, олардың егеменді теңдігі және бейбіт өмір сүру қағидатын ұстануды жалғастыратынын айтты.