Моңғолиялық Мишель Джозеф Silk Way Star шоуының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Музыкалық байқаудың жеңімпазын әнші Димаш Құдайберген жариялады.
Мишель Джозеф — танымал моңғол әншісі әрі әндердің авторы. Ол шығармашылығында дәстүрлі созылмалы әндерді поп, R&B және фанк элементтерімен үйлестіріп, моңғол және ағылшын тілдерінде орындайды.
Финалда жеті әнші өнер көрсетті. Олар: Язмин Азиз (Малайзия), Мадинабону Адылова (Өзбекстан), Мишель Джозеф (Моңғолия), Автандил Абесламидзе (Грузия), ALEM (Қазақстан), Саро Геворгян (Армения) және Чжан Хэ Сюань (Қытай).
Бірінші маусымның жеңімпазы аралас жүйе бойынша анықталды: 50%-ы — қазылар шешімі, 50%-ы — онлайн дауыс беру нәтижесі.