ШЫҰ-ның Экология жылы: Тоқаев күш біріктіруді ұсынды

4 Шілде 2023, 17:45 1041

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында экология саласындағы өзара байланыстарды нығайту жөнінде бастама көтерді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Президенттің айтуынша, экологиялық күн тәртібін ілгерілетпей, орнықты экономикалық өсімге қол жеткізу және қоғамның әл-ауқатын арттыру мүмкін емес.

Өкінішке қарай, су тасқыны, қуаңшылық, өрт, судың және топырақтың ластануы секілді түрлі табиғи катаклизмдер айтарлықтай көбейгенін байқап отырмыз. Осы ретте Қазақстан қоршаған ортаны қорғау проблемасын шешу үшін күш біріктіруді көздейді. Біз мынадай міндеттерге баса назар аудару қажет деп санаймыз:  

ШЫҰ мен БҰҰ-ның Қоршаған орта жөніндегі бағдарламасы арасында серіктестік байланыс орнату;  Қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді әзірлеу; Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды және экологиялық туризмді дамыту жөніндегі ынтымақтастық бағдарламасын қабылдау, - деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев бұл шаралардың барлығын бүгін қабылданатын Декларацияда бекітілген ШЫҰ-ның Экология жылы аясында ұйымдастыруды ұсынды.

Оқи отырыңыз:

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: