ШЫҰ кезінде жедел жәрдем, емханалар мен ауруханалар қалай жұмыс істейді

2 Шілде, 16:39 487

2024 жылдың 3-4 шілдесінде Астанада Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының саммиті өтеді. Бұл күндері жедел медициналық жәрдем станциясы, емханалар мен ауруханалар штаттық режимде жұмыс істейді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әкімдіктің мәліметінше, қалалық стационарлар бұрынғыдай қала тұрғындарын тәулік бойы қабылдайтын болады. Резервтік бейінді палаталарды бөлу арқылы шұғыл медициналық көмек көрсетуге толық дайындық қамтамасыз етілді.

Емханалар да әдеттегідей жұмыс істейді: алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдары таңғы 8:00-ден 20:00-ге дейін, активтер мен қоңырауларды қабылдау 8:00-ден 16:00-ге дейін жұмыс істейді.

Жедел медициналық жәрдем пациенттерге көмек көрсетудің қолжетімділігі мен жеделдігін қамтамасыз ете отырып, жұмысы 24/7 жүзеге асырылады.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: