«Шыршаны шығара берейік пе». Алматыда алғашқы қар жауды

3 Қыркүйек, 16:32 884

Алматыда алғашқы қардың видеосы тарады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оңтүстік астананың тұрғындары қыркүйек басталысымен жауған қарға таңғалды. Ердәулет есімді дәрігер әрі видеограф дронға Алматы тауларындағы қарды түсіріп алып, әлеуметтік желіде жариялаған.

Қайда барсам да, өзіммен бірге дронымды алып жүремін, күшті дүниелерді түсіріп алуға болатын сәттерді қалт жібергім келмейді. 2 қыркүйек күні қар жауды. Мұндай боранды күні дрон ұшыруға болмайды, себебі ылғал жоғары. Соған қарамастан тәуекелге барып, алматылықтарға қыстың жақындап қалғанын көрсеткім келді, - деді видео авторы.

Видео да әлеуметтік желіде кеңінен таралып, тұрғындар күннің шынымен қатты суып кеткенін жарыса жазған.

«Жұмыста жылытқыш құралдарын қосып отырмыз». «Бұл оқушылардың көз жасы», «Қыркүйек Алматымен дәл бұлай ешқашан әзілдеспейтін», «Шыршаны шығара берейік пе?», «Күз қай кезде де уақытында келеді», - деп жазған көпшілік.

@yerdauletpen Ловите адрес: 📍Tenir.ecohotels. Подробнее у меня в инстаграмме #алматы #зима ♬ оригинальный звук - Ердаулет

Мадина Асылбекова
Бөлісу: