"Шындықты білуге лайықсыздар". Балжан Бидаш Жаханмен байланысы туралы айтты

7 Қыркүйек 2023, 10:06 1139

Балжан Бидаш соңғы кезде көптің көкейінде жүрген сұраққа жауап берді. Ол актер Жахан Отарғалиевтен бөлек кеткеніне 2 айдай уақыт болғанын жазды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Достар, сіздер шындықты білуге лайықсыздар, осы уақытқа дейін біз үшін алдаңдап жатқандарыңызға рахмет. Сондықтан "рас па, өтірік пе" деген ақпаратты “біз екі жаққа кеттік” деп растаймыз. Өмір болған соң біз күтпеген жағдайлар болады екен. Әркім өзінше бақытты болатынына сенемін. Бұлай болғанына қарамастан Жаханның әр бастамасын, шығармашылығын қолдаймын! Ешкімнің ала жібін аттамайтын, қазақ киносынан өз орнын тапқан еңбекқор, қайсар жан, – деп болған жағдайға қарамастан Жаханға қолдау білдірді.

Балжанның жазбасына қатысты оқырмандары пікір қалдырды. 

“Балжан қанша қиындықта жанында жүрді", "Еркектерге бәрібір екені тағы дәлел”, "Жахан тым өзімшіл", “Балжан күшті келін бола білді”, “Өте өкінішті, әдемі жұп едіңіздер”, - деп жазды желідегілер.

Айта кетейік, өткен айда Жахан Отарғалиев Instagram-да Балжанмен түскен видеоны жариялап “Бәрі бітті” деген жазба қалдырды.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: