Шымкенттің әуежайы неге жыр болып кетті. Министр жауап берді

30 Мамыр 2023, 11:22 855

Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев Шымкент әуежайының жаңа терминалының құрылысы неге созылып кеткенін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Пайдалануға беру мерзімі 2020 жылдың бірінші жартыжылдығына белгіленген болатын.Алайда сот ісіне және жер учаскесін уақтылы бөлмеуге байланысты бірқатар себептермен құрылыс процесі 4 жылдан астам уақыт бойы жүргізіліп келеді. Әлихан Асханұлы (премьер-министр) бұл мәселе сіздің Шымкент қаласына жұмыс сапарыңыз барысында да көтерілді. Шымкент әкімдігі биыл жобаны аяқтау бойынша барлық қажетті шараны қабылдауы қажет, атап айтқанда, бағалау сараптамасын жүргізіп, жер учаскесін беру рәсімдерін жеделдетуге тиіс,- деді Марат Қарабаев.
 
Ол сондай-ақ аэродром маңындағы аумақтардағы заңсыз құрылысқа тоқталды.
 
Бас прокуратураның тексерісі барысында әуежайлардың санитарлық-қорғау аймағының шекарасында жергілікті атқарушы органдар 1 200-ге жуық учаске (тұрғын үй, коммерциялық және басқа да объектілерді салу үшін) бергені анықталды, оларда 900-дан астам ғимарат салынған.Сондай-ақ, аэродром маңындағы аумақтарда әуежай комиссияларының келісімінсіз 100 мыңнан астам түрлі объектіні салу фактілері бар. Заңсыз құрылыс салу бойынша неғұрлым күрделі жағдай Алматы, Шымкент, Атырау және Ақтөбе қалаларында байқалады,- дейді министр.
Алмас Абылай
Бөлісу: