24.11.2025
20:16
3057
Шымкенттік жігіт желі қолданушыларын сымбатымен тамсандырды

Шымкенттік жігіт желі қолданушыларын сымбатымен тамсандырды

Шымкент әуежайында түсірілген жас баристаның суреті әлеуметтік желілерде кеңінен таралып, ондаған мың қаралым жинады. Желі қолданушылары оның модель болуына толық мүмкіндігі бар екенін жарыса жазып жатыр, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Threads желісінде Мақпал есімді бойжеткен Шымкенттің жаңа әуежайындағы кофеханада қызмет ететін баристаның суретін жариялаған.

Керемет дәмді кофе дайындады! Рұқсатымен суретке түсірдім, өзі өте ұяң екен. Меніңше, оның орны журнал мұқабаларында немесе модельдік подиумда болуы керек. Солай емес пе? – деп жазды ол.

Жазба 50 мыңнан астам қаралым жинап, пікірлер қарша борады. Оның астында модельдік агенттіктердің бірі жігітті жұмысқа шақыруға ниетті екенін жазса, басқа қолданушылар да жас баристаның табиғи сымбатына тәнті болғанын жеткізді.

threads.com/@altynovna

Желіде қызу талқыланған пікірлердің бірқатары:

«Біз оны қарастыруға дайынбыз!»

«Міне, нағыз қазақ!»

«Жүзі жылы, өзі де сымбатты екен»

«Фактурасы мықты! Көзінің түсі ерекше. Журнал мұқабаларынан бір-ақ шығуы мүмкін!»

«Скауттарға фотосын жіберетін уақыт келген сияқты…»

Белгілі болғандай, жас жігіттің есімі Бауыржан екен, төртінші курста бағдарламашы мамандығы бойынша оқиды екен, ал жасы – 20-да. Бос уақытында кофеханада жұмыс істейтінін айтады.