Шымкенттік «қайырымды» адам тұрғындарды 97 млн теңгеге алдап кетті

14 Желтоқсан 2023, 11:30 862

Қайырымдылық жасаймын деп көп балалаы аналар мен қоса, кәсіпкерлерді де алдаған тұрғын ұсталды, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі otyrar.kz сайтына сілтеме жасап.

Алаяқ «қайырымды» адамның кейпіне еніп,  аз қамтылған отбасыға азық-түлікпен көмек көрсетіп жүрген. Мүгедек ана мен екі қызының сеніміне кірген соң, мемлекеттен кезексіз пәтер алуға көмектесемін деп олардың  ЖСН-ін алып, 3 миллион 500 мың теңге тауарлай несие рәсімдеген. Сондай-ақ, қолданып жүрген «ұялы телефондарын жаңартып беремін» деп сендіріп, құжаттарымен алып кеткен соң қайта оралмаған.

Тәртіп сақшылары аталған арызды ҚР ҚК-нің 190-бабы бойынша тіркеп, күдіктіні қала аумағында ұстады.

Тергеу барысында, 20 жастағы жергілікті тұрғынның бұдан өзге де алаяқтық жайттарына қатысы бар екені белгілі болды. Нақтырақ айтқанда, ол қала аумағында валюта айырбастаумен айналысатын жеке кәсіпкердің сеніміне кіріп, оған 90 миллион теңгеге жуық материалдық шығын келтіргені және базардағы сатушы әйелді 3 800 000 теңгеге алдап соққаны анықталды.

Тергеушілер айғақтар мен іс құжаттарын жинақтап сотқа жолдады. Сот жас жігітке 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: