Шымкенттік өзінің досының ұят фотоларын таратпау үшін 100 мың доллар бопсалаған

1 Тамыз 2023, 21:02 1328

Полицияға бопсалау туралы арызбен Қаратау ауданының тұрғыны жүгінген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жас жігіт өзін әлеуметтік желінің белгісіз қолданушысы қорқытып, одан 100 мың доллар талап еткенін көрсетті. Әйтпесе, оның интимдік сипаттағы жеке суреттері мен видеоларын интернетке жариялаймын деп уәде еткен. Өз беделіне алаңдаған тұрғын келісіп, оның нұсқауын орындап, бопсалаған соманың 10 миллион теңгесі салынған сөмкені көшелердің біріндегі темір құбырдың астына қалдырған. Күдіктіні бірнеше сағаттан кейін ақшаны алуға келген кезде полицейлер қылмыс үстінде ұстады. Аталған жайт ҚР ҚК 194-бабы 4-бөлігі бойынша СДТБТ тіркелді. Ұсталған адам өзінің досы болып шықты, - делінген ведомство хабарламасында.

Белгілі болғандай, досының мас күйін пайдаланған жолдасы, оның смартфонындағы жеке суреттері мен бейнежазбаларын өзіне өткізіп алған. Бопсалаушы УҰИ-ға қамалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Перизат Саденова
Бөлісу: