Шымкенттік оқушы қыз Азия чемпионы атанды

1 Маусым, 04:31 1129

Шымкенттік оқушы қыз Тоғжан Төлебай Ақтау қаласында өткен самбодан жасөспірімдер арасындағы чемпионатта Азия чемпионы атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Алтыннан алқа таққан спортшы А.Асқаров атындағы №77 мектеп-лицейінің 9 сынып оқушысы. 27 мемлекеттен 500 спортшы қатысқан байрақты бәсекеде жеңіске жеткен жас спортшының осыған дейінгі жетістіктері де жетерлік. 

Атап айтар болсақ, жас самбошы екі жыл бұрын Қазақстан Тәуелсіздігі мерекесіне орай Дзюдо күресінен "Отырар" спорт клубының ашық біріншілігінде 1-орын алған. Ал былтыр "Antalya Natik Canca International Training Camp and Judo Tournaments" турнирінде 1-орынға ие болды. Сондай-ақ Тоғжан Төлебай дзюдо күресінен Кеңес Одағының батыры Е.Молдабаевты еске алуға арналған жасөспірімдер арасында өткен "Мини-Татами" республикалық ашық турнирінде 1-орынды иеленді.  

Перизат Саденова
Бөлісу: