Шымкенттегі зообақта жануарларға балмұздақ беріледі

14 Шілде 2023, 11:31 1123

Шымкент зообағында ыстықтан қорғану үшін жануарларға балмұздақ беріліп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі  Otyrar.kz-ке сілтеме жасап. 

Қазір Шымкент зообағында 3 мыңға жуық жануар мекендейді. Ыстықтан қорғану үшін әртүрлі амалдар қолданылуда. Аюлар мен маймылдарға тәттілер ерекше ұнаған. Дегенмен, мал ауырмасын деп жануарларға балмұздақ күнде берілмейді. 

Қасқыр, аю, барыс үшін арнайы бассейндер бар. Арқарлар, жирафтар және тау ешкілері үшін күніне 3-4 рет контрастты душ ұсынылады. Жалпы емдеу және душ қабылдау жиілігі белгілі бір жануардың ерекшеліктеріне байланысты болады. Мысалы, барыстар мен пума үшін біз түнде қоршаулардағы кондиционерді қосамыз, - деді Шымкенттегі хайуанаттар бағының гид-биологы Бағдат Әмзебек. 

Оқи отырыңыз:

Ал жыртқыштарға салқындатылған ет, ал шөпқоректілерге салқын қарбыз мен қауын беріледі екен. Аптаптан қорғанудың тағы бір  түрі - контрастты душ. Жануарлар күніне үш рет суға шомылады. Ыстыққа шыдамайтын жануарлардың қораларында кондиционерлер орнатылған. 

 

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: