Шымкенттегі жеке клиникада өрт шықты

11 Маусым, 02:17 706

Шымкентте көз ауруларын емдейдін жеке клиникалардың бірінде өрт шықты. Оқиға Абай ауданында болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Алдын ала мәлімет бойынша 180 шаршы метр алаңды алып жатқан 4-ші қабаттың төбесі жанып кеткен.

Төтеншеліктердің мәліметінше, өрт сөндірушілердің жедел және үйлесімді әрекеттерінің арқасында қызыл жалын толығымен жойылды және өрттің бүкіл ғимараттың таралуына жол берілмеді.

Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.

Зарина Арман
Бөлісу: