02.04.2024
16:30
1235
Шымкенттегі тұрғын үйде атыс болды

Шымкенттегі тұрғын үйде атыс болды

Оқиға 2 сәуірде сағат 12.00 шамасында болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазіргі уақытта полиция мен тергеушілер оқиға орнында тергеумен айналысып жатыр.

Белгісіз біреулер жігітке травматикалық қарудан оқ атқан. Оқиға Шевченко көшесінде болған, - делінген Otyrar.kz ақпаратында.

 Зардап шеккен жігіттің көршілерінің айтуынша, атыс болған үйде үнемі шу болған.