Шымкентте жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр

25 Шілде 2022, 21:12 2095

Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады

Шымкент қаласының әкімі М.Әйтеновке 6 айда атқарылған жұмыстар және жаңа оқу жылына дайындық барысы туралы Білім басқармасының басшысы Ж.Тажиева баяндады,– деп хабарлайды El.kz.

Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бүгінгі таңда қаладағы 577 мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде кезекте тұрған 88 429 баланың – 88,6%-ы  мектепке дейінгі білім беру ұйымымен қамтылған. Оның ішінде, 3-6 жас аралығындағы 53 558 бала – 100%, 2-6 жас аралығындағы 76 416 баланың 89,3% (68 254 бала) қамтылған. 2 балабақшаға күрделі жөндеу жүргізу үшін қаржы қаралды. 28 балабақша ашу (2 480 орынға) жоспарланып отыр. Сонымен қатар, мемлекеттік балабақшаларға толығымен бейнебақылау жүйесін орнату жұмыстары жүргізіліп жатыр.

– Биыл 1-сыныпқа 28 мың бала қабылданады деп күтілуде. 2022 жылы оқушыларды қосымша біліммен қамту жоспары - 77,1% жоспарланған. 11 қосымша білім беру ұйымдары және 17 аула клубтары және мектепішілік түрлі үйірмелерде қала оқушылардың 76% қосымша біліммен қамтылған. Оның ішінде жан басына қаржыландыру есебінен 32 000 бала қамтылуда. 1-4 сынып оқушылары 100% ыстық тамақпен  қамтылған. 54 мектеп ыстық тамақ қаржысын төлеу барысында қолма-қол ақшасыз карточкалық жүйеге өткізілді, – делінген ақпаратта.

Ерекше білім беруді қажет ететін балалар үшін 1 ПМПК, 1 ППТК ашу үшін тиісті құжаттамалары ресімделуде.122 логопункт кабинеттері, қосымша 46 логопед штат бірліктері, 126 мектеп жанынан медиация кабинеті ашылады.

Қала әкімі жиналысты қорытындылай келе мынадай тапсырмаларды жүктеді: балабақшаларға қатысты кешенді жоспар дайындау; педагогтердің бейінділігін реттеу; медицина, спорт, білім саласы бірлесіп инвесторларды тарту мақсатында кәсіпкерлерге арналған ауқымды көрме ұйымдастыру; мектептердің жаңа оқу жылына дайындығын жан-жақты зерделеп 20 тамызға дейін баяндау; оқулық жетіспеушілігінің алдын алу, турникеттердің жұмысын тексеру; эпидемиялогиялық жағдайға байланысты оқу түрлеріне дайын болу, білім беру ұйымдарындағы жылу қазандықтарының жаңа жылыту маусымына дайындығын пысықтау; межеленген индикаторлардың әрбірінің орындалуы бойынша талдау жүргізіп, өзекті мәселені үнемі бақылауға ұстау.

Бөлісу: