Шымкентте қызметінен шу шығып, өзіне қол салған полиция департаментінің қызметкері бұрыңғы қызметіне қайта кірісті, деп хабарлайды El.kz ҚазАқпарат тілшісіне сілтеме жасап.
Бүгін Мөлдір Бекеевамен сөйлескенімізде дәрігерлер қарсы болғанына қарамастан қызметіне кіріскендігін жеткізді.
Өткен сәрсенбіден бастап жұмысқа шыққан ол Шымкент қаласы полиция департаментінің ресми өкілі - ішкі және сыртқы коммуникациялар басқармасының басшысы, баспасөз хатшысы қызметін атқарып жатыр.
Айта кетейік, қызмет бабында үлкен шу шығып, кейіннен қоғамдық резонансқа айналған Шымкент қаласы полиция департаментінің қызметкері Мөлдір Бекеева өзіне қол салған болатын.