26.07.2022
01:18
3396
Шымкентте өртенген үйден зейнеткердің мәйіті табылды

Шымкентте өртенген үйден зейнеткердің мәйіті табылды

Шымкентте өрткенген үйден зейнеткердің мәйіті табылды, деп хабарлады  El.kz қалалық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

Оқиға 25 шілде күні түнгі сағат 00:15-те шамасында болған. Абай ауданындағы Шаумяна көшесі бойында орналасқан жалпы көлемі 81 шаршы метр үйдің шатыры толығымен жанып кеткен.

Сондай-ақ көлемі 36 шаршы метр болатын екі бөлме мен үй заттары отқа оранған. Оқиға орнында Шымкент қаласы төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру қызметінің 14 қызметкері мен 3 техникасы, апаттар медицинасы бригадасы жұмылдырылды.

– Аумағы 12 шаршы метр қонақ бөлмесінің лай мен қамыстан жасалған төбе жаппасы құлады. Тілсіз жау сағат 00:44-де оқшауланып, 01:10 шамасында толығымен сөндірілді. Үйдің ішінен 1951 жылғы ер кісінің денесі табылды. Өрттің шығу себептері анықталып жатыр, - делінген Шымкент қалалық ТЖД хабарламасында.