28.05.2025
15:00
1203
Шымкентте жүргізушіден есірткі тәркіленді

Шымкентте жүргізушіден есірткі тәркіленді

Шымкентте полицейлер жүргізушіден есірткі тәркіледі. Тәртіп сақшылары 250 грамм синтетикалық есірткі тасымалдаған ер адамды ұстады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Polisia.kz мәліметінше, халықаралық «Канал» жедел-алдын алу іс-шарасы аясында есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл бөліністерінің қызметкерлері есірткі заттарының заңсыз айналымы фактісін анықтады.

Шымкент қаласында тоқтатылған автокөлікті тексеру барысында жүргізушіден а-PVP есірткі заты салынған орамдар табылып, тәркіленді. Тәркіленген заттың жалпы салмағы 250 грамм. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда, - деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Қуандық Әлжанов.