Шымкентте жолдың ортасында көлік өртенді

27 Маусым, 09:56 426

Шымкентте полицейлер оқыс оқиғаның алдын алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ІІМ мәліметінше, патрульдік полиция инспекторлары Ержан Әбуев мен Ғалымжан Құрбанбаев жолдың ортасында жанып жатқан жүк көлігінің жүргізушісіне көмек көрсетті.

Тәртіп сақшылары қала жолдарын патрульдеу кезінде жүк көлігінен түтін шығып, жанып жатқанын байқаған. Инспекторлар бірден жол жиегінде тұрған көлік құралының жанына тоқтап, қызметтік көліктегі өрт сөндіргішті қолға алып, апаттың алдын алуға кірісті. Тез арада көлік капотынан шығып жатқан өртті ауыздықтады, - делінген мәліметте.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: