13.05.2025
05:17
932
Шымкентте жол жүру ережелерін өрескел бұзған жүргізуші ұсталды

Шымкентте жол жүру ережелерін өрескел бұзған жүргізуші ұсталды

Тәртіп сақшылары «Қауіпсіз жол» іс-шарасы аясында жол қозғалысы қағидаларын бұзу жайттарын анықтауға және олардың жолын кесуге бағытталған жұмысты жалғастыруда, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ІІМ мәліметінше, қалалық ПД-ның жедел басқару орталығымен бірқатар жол қозғалысы ережелерін бұзған автокөлік жүргізушісі анықталды. Ер адам жол белгілерінің талаптарын елемей, авариялық жағдай туғызды. Сонымен қатар маневр жасау ережелерін бұзып, бағдаршамның тыйым салатын сигналына өтіп, қарсы қозғалыс жолағына шыққан.

Полиция құқық бұзушыны бірден анықтады. Оның бұрын соңды жүргізуші куәлігінен айырылғаны белгілі болды. Ол ӘҚБтК-нің бірнеше бабы бойынша қатаң жауапқа тартылды. Қазіргі таңда жүргізуші әкімшілік қамауда отыр. Заңсыз қайта жабдықталған көлік құралы айыптұраққа қойылды.