Шымкентте жол ережесін бұзған самокат пен мопед жүргізушілері жауапқа тартылды

7 Қыркүйек 2023, 07:28 743

30 тамыз бен 5 қыркүйек аралығында патрульдік полиция полкінің қызметкерлері мегаполис жолдарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету барысында 6402 жол құқық бұзушылықты анықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оның ішінде, мопедтер мен электр самокаттардың қозғалу ережелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілген күннен бастап, 98 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Тәртіп сақшылары анықталған әкімшілік құқық бұзушылықтардың басым бөлігі жолаушылар мен жүктерді тасымалдау, жаяу жүргіншілер өткелдерінен өту, шлемсіз, сондай-ақ тәуліктің қараңғы уақытында көрінуді қамтамасыз ететін жарық шағылыстыратын затсыз басқару болып саналатынын атап өтті.

Сонымен қатар полицейлер жүргізушілер арасында аталған жол қозғалысы ережелерін бұзу жайттарын болдырмау және жүргізушілерге заңнамалық актілердегі өзгерістер туралы хабарлау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Берік Арманов
Бөлісу: