Шымкентте жоғалған 3 бала отбасымен аман-есен қауышты

4 Қыркүйек 2023, 16:39 649

Шымкенттік полицейлер жоғалған 3 баланы отбасымен аман-есен қауыштырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Полицияның “102” арнасына 8-шағынаудан тұрғындарынан үш баланың із-түссіз жоғалып кеткені туралы хабарлама түсті.

Ата-аналардың айтуынша, аулада ойнап жүрген 6 және 9 жастағы балаларының біраз уақыт өте ойын алаңында жоқ екенін байқаған. Өздері жүргізген іздеу жұмыстары оң нәтиже бермеген соң, тұрғындар тәртіп сақшыларының көмегіне жүгінген.

Оқи отырыңыз:

Жоғалған жасөспірімдердің жүрген жерін анықтауға учаскелік инспекторлар, ювеналды полицейлер, кинологтар және патрульдік полицияның экипажы жұмылдырылды. Сақшылар жергілікті тұрғындардан сұрастыру жұмыстарын жүргізіп, жақын маңдағы сауда және ойын-сауық орындары мен ойын алаңдарын тексерді. Қабылданған шаралардың нәтижесінде Тұран аудандық полиция басқармасының қызметкерлері жарты сағаттың ішінде балаларды сол шағынаудан аумағынан тапты. Достар үлкендерді ескертпей, көрші аулаға ойнауға кеткені белгілі болды.

Аман-есен табылған ұлдардың туыстары полиция қызметкерлеріне жедел жұмыстары үшін шынайы алғыстарын білдірді.

 

Равиль Ашығали
Бөлісу: