31.12.2024
19:12
902
Шымкентте жеңіл көлік өртеніп кетті

Шымкентте жеңіл көлік өртеніп кетті

Бүгін Шымкент қаласының Еңбекші ауданында жол-көлік оқиғасы салдарынан жеңіл автокөлік отқа оранды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Оқыс оқиға кезінде төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері өртті толық сөндірді. Зардап шеккен жүргізуші ауруханаға жеткізілген.

ТЖМ мұндай төтенше жағдайлар кезінде 112 нөміріне қоңырау шалуды қаперге салады.