04.11.2024
07:36
1370

Шымкентте жайлы мектептерге қоғамдық көліктер қатынайтын болды

Шымкентте «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында жаңадан ашылып жатқан мектептерді қоғамдық көлікпен қамту мақсатында автобустар ұйымдастырылады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Әкімдік №122, №191 және №55 автобус маршруттарының сызбаларына өзгерістер енгізілетінін атап өтті. Нақтырайқ айтқанда, Қарабастау тұрғын алабына қатынайтын №122 және №191 бағыттағы қоғамдық көліктердің сызбасы №142 жалпы орта білім беретін мектебіне дейін ұзартылады. Ал №55 автобус маршруты Нұршуақ шағынауданындағы  №140  мектебі арқылы ұйымдастырылады.