Шымкентте жантүршігерлік жол апаты болды

3 Қыркүйек, 09:03 1502

Шымкент маңында болған жол апатынан бір адам қаза тауып, жеті адам жарақат алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жол апаты Алматы тасжолындағы «Құрсай» шағын ауданында болған. Ол жерде жол жөндеу жұмыстары жүріп жатыр екен.

Алдын ала болжам бойынша, Opel Vectra көлігі қарсы жолаққа шығып кетіп, Toyota Alphard көлігімен соқтығысқан.

Opel жүргізушісі оқиға орнында көз жұмған. Toyota Alphard-та болған Өзбекстанның жеті азаматы ауруханаға жеткізілді.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: