Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков жаңа жыл мерекесіне бюджеттен қанша қаржы бөлінетінін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жалпы жаңа жылдық безендіруге қала бойынша 80 млн теңге бөлінеді. Бес ауданың әрқайсысына 16 млн теңгеден түседі. Біз бұл шешімді қабылдаған кезде былтырғы қолданған жасанды шыршаларды қайта қолданамыз дедік. Былтырғы заттарды қолданамыз. Екіншіден тағы да қосымша іс-шара өткізер болсақ, демеушілердің көмегімен өткіземіз, – дейді ол.
Сондай-ақ қала әкімі орташа жалақы мөлшері мен «Ордабасы» клубының бюджеті туралы сұрақтарға жауап берді.