Шымкентте жаңа жыл түні тыныш өтті. Полицияға 1000-нан астам қоңырау түскен, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Полиция департаментіндегілер тәртіп сақшылары барлық шақыртуларға жедел ден қойып, тиісті шаралар қабылдағанын атап өтті.
Мерекелік іс-шаралар өткізілген орындарда патрульдеу кезінде полицейлер жоғалған 20 баланы тауып, ата-аналарына қайтарған. Ал жолдарда қауіпсіздікті қамтамасыз ету кезінде көлікті мас күйінде басқарған 3 жүргізуші анықталған. Құқық бұзушыларға қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылған.
Айта кетейік, қала аумағында құқықтық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін 2 мың полиция қызметкері жұмылдырылды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram