Шымкентте жалдамалы пәтерден екі студенттің мәйіті табылды

19 Қыркүйек, 11:52 664

Шымкентте жалдамалы пәтерден екі студенттің мәйіті табылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Олар Үндістан елінің азаматтары екені белгілі болды. Бірі 21-де, екіншісі 22 жаста болған.

Марқұм болғандар Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының 2-курсында оқыған. Олар Әл-Фараби ауданындағы пәтерді үш шетелдік студентпен бірге жалға алып тұрған.

Алғашында екі жігіт табиғи газдан уланып қайтыс болуы мүмкін деген болжам жасалған. Себебі пәтер ішінде газбен су жылытқыш және ас үй пеші болған. Бірақ арнайы мамандар газ құрылғысынан ешқандай ақау таппаған. Аталған фактіні қалалық ТЖД растады.

Оқиғаның мән-жайын полиция анықтайтын болады.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: