Шымкентте заңсыз майнинг фермасын ұйымдастырған екі азамат ұсталды

9 Қазан, 10:30 366

Шымкент аумағында криптовалюта өндіру бойынша заңсыз майнинг фермасын ұйымдастырған екі азаматтың қылмыстық іс-әрекетін қаржы мониторингі агенттігі қызметкерлері әшкереледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Олар 2023 жылғы сәуір мен 2024 жылғы ақпан аралығында жалпы сомасы 100 млн теңгеден астам аса ірі мөлшерде кіріс ала отырып, майнингтік ферма ұйымдастырған.

Екеуі жалпы сомасы 370 млн теңге болатын 1000 дана ASIC майнерлер (биткойн өндіру жабдығы) мен заңсыз өндірілген цифрлық активтер (биткойндар) түріндегі мүлкі тәркіленіп, сәйкесінше, 2 жылға бас бостандығынан айыру және 2,5 жылға бас бостандығын шектеуге үкім шығарылды.

2024 жылдың басынан бері қылмыстық табысы 400 млн теңгеге жуық заңсыз майнингтік фермаларды ұйымдастырудың 4 дерегі анықталды.

Айта кетейік, криптовалюта өндіру саласындағы заңсыз қызмет елдің экономикалық қауіпсіздігіне нұқсан төндіретін тәуекелдердің туындауына әкеп соғады, тұтынушылар мен кәсіпкерлерге электр энергиясын жеткізудің іркілу және тапшылық тәуекелдері артады.

Қаржылық мониторинг агенттігі аталған қызмет түріне тиісті лицензия болған жағдайда ғана рұқсат етілгенін ескертеді.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: