Шымкентте үйінде есірткі өсірген тұрғын бір жылға сотталды

1 Қараша 2022, 15:29 1362

Бұл туралы polisia.kz сайты мәлімдеді

Шымкентте үйінде есірткі өсірген тұрғын бір жылға сотталды, – деп хабарлайды El.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Еңбекші аудандық сотында 55 жастағы жергілікті тұрғынға қатысты сот үкімі шықты. Ол өз үйінің ауласында бір түп есірткі өсіріп, жеке өзі пайдалану үшін оны күтіп-баптаған.

Алайда оның ойы іске аспай, полиция қызметкерлерімен анықталып, тәркіленіп алынды. Бұл қылмыстық іс сотқа жолданған. Басты сот талқылауында сотталушы өзіне тағылған айыпты толығымен мойындап, бұрын өзі есірткі затын қолданғандықтан, үйінің ауласында өсіргенін және бұл үшін қатты өкінетінін көрсеткен.

Шымкент қаласы Еңбекші аудандық сотының үкімімен ер азамат Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 300-бабының 1-бөлігінде (Құрамында есірткі заттар бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз егіп-өсіру) көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, бір жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Сонымен қатар тағайындалған бас бостандығын шектеудің барлық мерзіміне пробациялық бақылауда болады.

EL.KZ
Бөлісу: