Шымкентте үшем дүниеге келді

29 Қаңтар, 19:20 719

Шымкентте үшем туылды. 20 жастағы қала тұрғыны алғашқы жүктілігінде бірден үш сәбиді өмірге әкелді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сүйенсек, жас ананы қалалық перинаталдық орталық дәрігерлері кесір тілігі арқылы босандырып алған. Сәбилердің салмағы - 1925, 1625, 1900 грамм, ал бойы 43-47 см аралығында.

Бүгінде нәрестелер салмақ қосып, денсаулығы жақсарған. Үшемге ата-анасы Айлу, Саллахаддин, Аль – Сафи деген ерекше есім берген. Біршама уақыт дәрігерлер бақылауында болған нәрестелер бүгін перзентханадан үйіне шығарылды.

Оқи отырыңыз: 

Перизат Саденова
Бөлісу: