Шымкентте үш медициналық орталық ашылды

16 Маусым 2023, 05:19 731

Қалада 2025 жылға дейін жаңа заманауи перзентхана мен жеке инвесторлар есебінен 800 орындық клиника салынады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұдан бөлек 6 медициналық орталық ашу жоспарда бар. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қала әкімі Мұрат Әйтенов мәлімдеді. Әкімнің сөзіне қарағанда, биыл үш медициналық орталық ашылған. 

Биыл жеке инвесторлар есебінен 3 жаңа медициналық орталық ашылды. Соңғы 4 жылда 12 жеке медициналық орталық пайдалануға беріліп, қаладағы мемлекеттік емханалардың жүктемесі 30 пайызға азайды, - деді әкім.

Қала басшысы соңғы 5 жылда денсаулық сақтау ұйымдарының материалдық-техникалық базасы жақсарып, бұл деңгей 67 пайыздан 79 пайызға артқанын тілге тиек етті. Ал бұл өз кезегінде өлім көрсеткішінің төмендеуіне себеп болған.

Осы бағытта атқарылып жатқан қыруар жұмыстардың нәтижесінде жыл басынан бері қалада жалпы өлім көрсеткіші 8%-ға, нәресте өлімі 20,6%-ға төмендеді. Ана өлімі тіркелмеген, - деді Әйтенов.

Перизат Саденова
Бөлісу: