Шымкентте тұрғын үйді сапасыз салған мердігерлерге 84 млн теңге айыппұл салынды

15 Маусым 2023, 12:49 719

Шымкентте соңғы бес жылда 3 млн 700 мың шаршы метрге жуық тұрғын үй салынды, оның 2 миллионы соңғы жылдары пайдалануға берілді. Бұл туралы қала әкімі Мұрат Әйтенов мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агентті.

Аймақ басшысы жыл сайынғы тұрғын үй көлемін 2 млн шаршы метрге жеткізу жолға қойылғанын атап өтті.

Ол үшін бірінші кезекте инфрақұрылыммен дер кезінде қамтуымыз қажет. Бүгінгі таңда, құрылыс аумақтары айқындалып, инженерлік жүйелерді жобалау жұмыстары басталды, - деді әкім.

Биыл  мемлекеттік бағдарлама шеңберінді 4 445 отбасы баспанамен қамтылады.

Дегенмен, мемлекеттік бағдарламадан тыс қалып отырған әлеуметтік санаттағы азаматтарда бар. Аталған санаттағы азаматтарды тұрғын үймен қамту мақсатында,«Қамқор» жергілікті тұрғын үй бағдарламасын қабылдадық. Бағдарламаны жүзеге асыруға 3 млрд. теңге бөлінді (150 азаматқа 20 млн. теңгеге дейін 5 пайызбен жеңілдетілген несие), - деді Мұрат Әйтенов.

Айта кету қажет, соңғы кездері тұрғын үй құрылысы сапасына байланысты әлеуметтік желілерде сыни мәселелер айтылды.

Бұл мәселелерді бақылауға алып, тұрғын үйлерді аралау барысында 1 256 кемшіліктер қалпына келтірілді. Мердігерлерге 84 млн теңге айыппұл салынып, 3 мердігер қара тізімге енгізілді, - деді әкім.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: