Шымкентте терроризмді насихаттаған тағы екі адам ұсталды

6 Наурыз, 14:17 635

ҰҚК терроризмді насихаттаған күдікті адамдардың ұсталғанын мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

6 наурызда ҰҚК прокуратура органдарының үйлестіруімен және полицияның көмегімен Шымкент қаласының екі тұрғынын ұстады.

Олар әлеуметтік желі арқылы терроризмді насихаттағаны үшін күдіктелуде.

Тергеу материалдары бойынша ертеректе ұсталғандардың біреуі алыс шет елдерге шығып, шамамен сол жерде радикалды діни идеологияны қабылдаған.

Қылмыстық кодекстің 256-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес жария етілмейді.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: