Шымкентте табиғат қорғау заңнамасын бұзған 200 адам жауапқа тартылды

23 Ақпан, 06:30 716

Шымкент полицейлері "Браконьер" жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде. Шара кезінде табиғат қорғау заңнамасын бұзған 200 тұлға жауапқа тартылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Профилактикалық шараның мақсаты – заңсыз аң аулау, ағаштарды заңсыз кесу, биологиялық ресурстар объектілерін заңсыз алу, тасымалдау, сату немесе өткізу жайттарының жолын кесу. 

20 күнде тәртіп сақшылары 200-ге жуық табиғатты қорғау заңнамасын бұзу жайтын анықтаған. Оның ішінде жануарлар дүниесін пайдалану талаптарын және аң аулау қағидаларын бұзғаны үшін ӘҚБтК-нің 382-бабымен 38 адам жауапқа тартылған. Ал азаматтық және қызметтік қару айналымы қағидаларын бұзғаны үшін 116 азаматқа айыппұл салынса, ӘҚБтК-нің 386-бабына сәйкес жасыл екпелерді күтіп ұстау және қорғау қағидаларын бұзған 38 тұлға ескерту алды.

Оқи отырыңыз: 

Баян Әжмұхан
Бөлісу: