Шымкентте су жағасында балаларын қараусыз қалдырғандар жауапқа тартылды

22 Маусым 2023, 11:15 1128

Судағы жазатайым оқиғаларды болдырмау мақсатында Шымкент қаласы ТЖ департаменті Азаматтық қорғаныс басқармасының қызметкерлері жергілікті полициямен бірлесіп шомылуға тыйым салынған орындарға патрульдеу жүргізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.  

Бірлескен рейд Ақжар су қоймасының бойында жасалды.

Бұл жолы рейдке қатысушылардың ерекше назары шомылуға келген жасөспірімдерге ауды. Осындай балалармен профилактикалық әңгімелер өткізілді. Ересектерге жас балаларды қараусыз қалдыруға жол бермеу туралы айтылды, ал жасөспірімдерге су қоймаларында қауіпсіз жүріс-тұрыстың негізгі ережелері түсіндірілді.

ТЖ департаментінің қызметкерлері ӘҚБтК-нің 412-бабы «Су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін бұзу немесе орындамау» бойынша патрульдеу нәтижесінде 1 адамға хаттама толтырып, 7 АЕК немесе 24 150 теңге мөлшерінде айыппұл салды, - деп жазды ведомстводан.

Сонымен қатар полиция қызметкерлері тарапынан 3 адамға ескерту жасалған.

Равиль Ашығали
Бөлісу: